ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АЙТТЫҚ СЫЙ ТАРТУ ЕТІЛДІ
“Ораза айт” мерекесі қарсаңында Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешіті мен Маңғыстау облыстық қажылар қауымдастығымен бірлесе отыра Ақтау қаласындағы КММ әлеуметтік қолдау орталығында ем алушы балаларға “Айттық тәттілері” таратылды.
Облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы әртүрлі тәттілер салынған сыйлық дорбаларын үлестіріп,ем алып жатқан бүлдіршіндердің денсаулығы үшін дұға жасап,дендеріне саулық тілеп,жылы лебізін білдірді.Мейірім мен бауырмалдық мерекесі Ораза айт қарсаңында ұйымдастырылған бұл дәстүрлі шара алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.






