“ЕЛ-ҮЛЕСІ ПӘТЕРГЕ”:РАМАЗАН АЙЫНДА 4 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі”Зекет және қайырымдылық” қорының “Ел-үлесі пәтерге” жобасы аясында 4 отбасы баспаналы болып,жаңа қонысқа кірді.
Аталмыш жоба аясында 2 пәтер Ақтау қаласынан берілсе,1 пәтер Мұнайлы ауданынан,1 пәтер Жаңаөзен қаласындағы жалғызбасты аналарға, көп балалы, асыраушынан айрылған отбасыға «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында табысталды.
Сондай-ақ, «Зекет және қайырымдылық» қорының Маңғыстау облысы бойынша жауапты маманы Іздібай Бегенұлы баспаналы болған отбасыны жаңа қоныстарымен құттықтап,береке тіледі.
Қасиетті Рамазан айында мейірімділікке үндейтін берекелі жобаның жүзеге асырылуына атсалысқан жомарт жандарға Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінің атынан алғысымызды білдіреміз!Алла сауапты істеріңізді қабыл етсін!



