«Эклер» кондитерлік дүкені «Халал» сертификатқа ие болды
Маңғыстау облысы Ақтау қаласында орналасқан «Эклер» кондитерлік дүкені ҚМДБ»Халал» сертификатына ие болды.
Аталмыш тәтті пісірмелер дүкенінің халал стандарттарына сай қызмет ету ниетіне байланысты және арнайы тексерістерден кейін, Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы жұма қарсаңында дүкен басшылығына кондитерлік өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге,сақтауға,тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар халалдың стандартына сай екені анықталып,ҚМДБ «Халал» сертификатын табыстады.