Дінмұхаммед Сманов түзету мекемесіндегі азаматтармен кездесті
“Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында РАНТ мүшесі,ұстаз Дінмұхаммед Абдужаппарұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапармен келді.Аталмыш іссапар барысында РАНТ мүшесі ҚР ІІМ ҚАЖ Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД 77 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен кездесу өткізді.
Бас бостандығынан айырылған жандармен жалпы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жүзеге асқан іс-шара барысында Дінмұхаммед Абдужаппарұлы “Білім алудың артықшылығы”тақырыбында насихат айтып,тұшымды ойларымен бөлісті. Жазасын өтеушілер тарапынан қойылған сұрақтарға шариғат шеңберінде жауап берді.

