Діни оңалту бағытының кешенді жоспары талқыланды
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата «мешітінде ҚМДБ Діни оңалту бағытының кешенді жоспары талқыланды.
Семинарды Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы жүргізіп,мешіт имамдары,діни оңалту саласына жауапты дін мамандары қатысты.
Жиында діни оңалту жұмысын жандандыру бойынша жаңа әдістемелер, әлеуметтік желідегі жұмыс алгоритмін тиянақтау, сапалы әрі сауатты ақпараттық жұмыс жүргізудің тиімді тұстары айтылды.
Сонымен қатар, қазіргі таңда өзекті саланың бірі діни оңалту бағыты бойынша, өңірге қарасты имамдар мен теолог мамандар бірлесіп жұмыс жасап келеді.