blog Images

«Дін – ұстай алсаң қасиетің!» тақырыбында семинар өтті

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Ақтау қаласында орналасқан «Ержан Хазірет» мешітінде Маңғыстау облысының имамдары мен теологтарына арналған «Дін – ұстай алсаң қасиетің!» атты семинар ұйымдастырылды.

Рухани-танымдық шара барысында ҚМДБ-ның Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы «Имам – ізгі қоғам жаршысы» тақырыбында өткен V республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттарды таныстырғаннан кейін, «Діни оңалту жұмысындағы имамдардың рөлі» тақырыбында дәріс оқып, жат ағым өкілдерімен қарым-қатынас жасаудың қыр-сырымен бөлісіп, дін қызметкерлерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.