blog Images

Дін қызметкерлеріне арналған семинар өтті

  ҚМДБ Маңғыстау облыстық  өкілдігінің ұйымдастыруымен орталық «Бекет ата» мешітінде  «Ислам және  ізгі қоғам» жылы аясында «Ізгі қоғам өзіңді өзгертуден басталады» тақырыбында дін қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді.

Танымдық шараға ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Қыдыр Төрәлі,ҚМДБ сарапшылар кеңесінің мүшесі Рахымжан Әкімбеков,ҚМДБ уағыз-насихат бөлімінің маманы Думан Сайфуллин,ҚМДБ діни білім беру және кадрларды дайындау бөлімінің басшысы Смайыл Сейтбеков,Ақтау, Жаңөзен қалалары және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарына қарасты мешіттердің имамдары қатысты.

Семинар барысында Қыдыр Төрәлі «Қазақ даласындағы аталар мектебі» жайлы,Рахымжан Әкімбеков «Діни оңалту» турасында,Думан Сайфуллин «Ихсан ілімі» туралы,Смайыл Сейтбеков «Ислам тарихы» жайлы діни қызметкерлерге  баяндама жасап,ойларын ортаға салды.

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі