ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
9-мамыр Ұлы Отан соғысының Жеңісі күніне орай дін қызметкерлері тыл ардагерлерінің шаңырағына барып,зиярат етіп сый құрмет білдірді.
Қарияларға құрмет білдірген мешіт имамдары тыл ардагерлерінің амандығын біліп, оларға әзірленген сый-сияпаттарды ұсынды. Жеңісті күнді жақындатып, келешек ұрпаққа бейбіт күнді сыйлаған ата-әжелеріне шексіз алғыстарын білдірді.
Ардагерлер де дін қызметкерлеріне бата-тілектерін жаудырып, соғыс жылдарындағы оқиғаларды, майдан даласында жау шебіне қарсы шайқасқан ерліктерін баяндады.



