blog Images

Маңғыстауда «Дін мен дәстүр -ұлттық тәрбиенің қос тірегі» атты облыстық семинар өтті

ҚМДБ «Дін мен дәстүр»бағыты аясында  Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған «Дін мен дәстүр -ұлттық тәрбиенің қос тірегі» атты облыстық семинар өтті.

Тағылымды шараны Маңғыстау облысының Бас имамы Әнуар Ізімбайұлы ашып, отбасының қоғамдағы маңызы, әкенің отбасындағы жауапкершілігі мен ананың бала тәрбиесіндегі орны туралы ой қозғады.

Семинар барысында ҚМДБ РАНТ мүшесі, Серікжан Рымханұлы, «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысы бойынша бас кеңесшісі Қарашаш Қадыр, сондай-ақ «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Айнaхан Есетова тағылымды баяндамалар жасады.

Тағылымды шараға ақ жаулықты аналар, ардақты ақсақалдар, мешіт жамағаты және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиында отбасы бірлігі, ата-ана тәрбиесі, ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр, әке мен ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі кеңінен сөз болды.

Шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттап, ұрпақ тәрбиесінде әке мен ананың рөлін айқындау, ұлттық тәрбие мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу.

Жиын соңында елдің амандығы, халықтың тыныштығы мен бірлігі, отбасылардың берекесі және ұрпақтың игілігі үшін дұға жасалды.