blog Images

«Дін мен дәстүр»кітабы бойынша сайыс өтті

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен  мешіт жамағаты арасында «Дін мен дәстүр» кітабы бойынша білім сайысы өткізілді.

Жарыстың мақсаты – дін мен дәстүр сабақтастығын,салт-сана мен діни танымның бір арнада тоғысатындығын дәлел-дәйектер арқылы дәлелдеу.Қазірге дейін сақталып келе жатқан әдет-ғұрып,салт-сананың негізі мұсылманшылықта жатқандығын дәлелдеу.

Жарыс ҚМДБ сараптамасы арқылы жарыққа шыққан «Дін мен дәстүр» кітабы бойынша дайындалған тест сұрақтар бойынша өтті.Жалпы білім сайысына 15 қатысушы қатысып,өзара жарысқа түсті. Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Жұмырбаев Жұмабай Қуандықұлы сайыс ереже,тәртібін түсіндіріп,қатысушыларға тест билеттерін үлестірді.Нәтижесінде:

1-орын Қошман Әли,2-орын Омаров Ильяс,Шари Мұхаммедали,3-орын-Қадырқұл Мұхаммедали,Қазтұрғанов Әділет жүлделі орындарға ие болды.Жүлделі орын иегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталды.