blog Images

«ДІН МЕН ДӘСТҮР ІІІ» КІТАБЫНАН САЙЫС ӨТТІ

Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінің ұйымдастыруымен “Бір айда-бір кітап” жобасы аясында «Дін мен дәстүр III» кітабынан мешіт жамағаты арасында сайыс өтті.

Білім сайысына 20-ға жуық мешіт жамағаты қатысып өз бақтарын сынады.Сайыс екі кезеңнен тұратын тест түрінде және ауызша сұрақтар қою негізінде өткізілді.«MUFTYAT» баспасынан жарық көрген «Дін мен дәстүр III» кітабы бойынша өткен білім сайысында облыстық мешіттің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы мен мешіт ұстазы Марат Жарылқапұлы сайыстың негізгі шарттарын түсіндіріп,барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.Сайыс нәтижесі бойынша:

1- орын Қазыбаев Мұратбек (50 000 теңге)
2- орын Раева Санияш   (30 000 теңге)
3-Кайров Тәжібай      (10 000теңге) иеленіп,қаржылай жүлде сыйақылар табысталды.Ынталандыру мақсатында Әнуар Саматұлына алғыс хат табысталды.