blog Images

Дәстүрлі садақ атудан облыстық ашық турнир өтті

 Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ ш/а» мешітінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы мешіт жамағаттары арасында  алғаш рет дәстүрлі садақ атудан облыстық ашық турнир болып өтті.

Дәстүрлі садақ ату сайысына облыс көлемінен мешіт жамағаты жиналды.Барлығы 10 мешіттен 140-қа жуық мергендер қатысып ,өз ара сайысқа  түсті.Турнир төрт санат бойынша өткізілді:

1-(7-12жас аралығындағы ерлер санаты)

2-(7-12жас аралығындағы қыздар санаты)

3-(13жастан жоғары жамағат санаты)

4— (тәжірибелі мергендер санаты).Турнирдің жүлде қоры 285 000 теңгені құрады.

«Дәстүрлі садақ ату халқымыздың тарихи жадында сақталған спорт түрі. Жарысты өткізудегі басты мақсатымыз – мешіт жамағаттарына,халыққа  ұлттық спорт түрін насихаттау. Дәстүрлі садақ ату спортының бұқаралық сипат алуына үлес қосу. Алдағы уақытта шара жалғасын табады» деп сенім білдірді Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ ш/а» мешітінің бас имамы Еркеғали Әлбетов.

Жарыс қорытындысы бойынша топ жарған садақшылар :

7-12ж. жасөспірімдер ер санаты:
1-орын Бекболат Нұртас (Ақтау),2-орын Сағынбай Абдулали (Жаңаөзен),3-орын Бекболатұлы Жандос (Ақтау),3-орын Сүлеймен Нұрлыхан (Теңге ауылы)

7-12ж. қыздар санаты
1-орын Ахметжан Адия (Жаңаөзен),2-орын Шәкір Әсия (Жаңаөзен),3-орын Бекболат Асылтас (Ақтау),3-орын Хайткелді Мунира (Жаңаөзен)

13 жастан жоғары жамағат санаты:
1-орын Алипкалиев Руслан (Ақтау),
2-орын Басбақбаев Жәнібек (Мұнайшы Жетібай ауылы),3-орын Жумыров Мансұр (Жаңаөзен),3-орын Сисенбаев Бексұлтан (Жаңөзен)

Тәжірибелі мергендер санаты:
1-орын Зұлпыхаров Самал Бахытжанұлы (Жаңөзен),2-орын Ғиззатулин Рахат (Ақтау),3-орын Ораз Айбек (Жетібай ауылы),3-орын Ұлықпанов Асланбек (Жаңаөзен)

Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте 1-орынды Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ ш/а» мешіті,2-орынды Ақтау қалалық «Бекет ата » мешіті,3-орынды «Жетібай» ауылдық мешіті иеленсе,4-орынды Теңге ауылдық «Қосай» ата мешіті иеленді.Сондай-ақ, жарыста топ жарған  мергендерге жалпы саны 16 медаль,қаржылай және арнайы дипломдармен марапатталды.