

Брайль жүйесімен Құранға түскен шәкіртке Кіші қажылыққа жолдама берілді
Бүгін,Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде Махмұтқызы Аманбике анамызды еске алуға арналған әйел-қыздар арасында «Құран-екі дүниенің шамшырағы» атты облыстық Құран жарысы өтті.
Игі шара соңында қатысушы шәкірттерге ақ дастархан жайылып, ас берілді. Рухани шараға қолдау білдірген кәсіпкер Азамат Темірбекұлы өз отбасы атынан көру мүмкіндігінен айырылған Брайль жүйесімен Құранға түскен мешіт шәкірті Көшімбаева Арайлым мен қамқоршысы Прдәлі Нұрсаулеге Кіші қажылыққа жолдама сыйға тарту етті.Ақ дастархан басында Құран Хатым бағышталып,ел амандығы үшін дұға жасалды.
Ізгі іс-шараны ұйымдастыруға сүбелі үлес қосып, қаржылай қолдау білдірген азаматтарға Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің атынан зор алғыс айтамыз!Алла Тағала сауапты істеріңізді қабыл етсін!