blog Images

Боранқұл ауылының халқы Құрбан айтты тойлады

Құрбан айт мерекесіне орай Бейнеу ауданы Боранқұл ауылдық «Қайшыбай ата» мешітінде арнайы шара ұйымдастырылды.

Мешіт имамы Рүстем Әділұлы бастамасымен жүзеге асқан мерекелік шара барысында ауыл тұрғындары үшін қазақша күрес, қол күрес сынды ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өтсе, балалар үшін батут орнатылды.