Табиғат аясында «Бірлігі жарасқан жамағат» шарасы өтті
Қарақия ауданы Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінің және Бейнеу ауданының жамағаты табиғат аясында бас қосты.
Бейнеу ауданының бас имамы Адайбек Мақанұлы бастап келген қонақтарды «Ар-Рахим» мешітінің имамы Заир Мұхаммадюсуфұлы қарсы алып Каспий теңізінің жағасында орналасқан «Кендірлі» демалыс аймағына апарды.
«Бірлігі жарасқан жамағат» шарасы аясында дін қызметкерлері мен жамағат түрлі спорт түрлерінен сайысқа түсіп, ақ дастарқан басында сүбелі сұхбат құрды.