blog Images

«Ержан Хазірет» мешіті: «Бірлігі жарасқан жамағат» сайысы өтті

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Ақтау қаласында орналасқан «Ержан Хазірет» мешітінде «Бірлігі жарасқан жамағат» интеллектуалдық сайысы ұйымдастырылды.

Білім сайысына Астана қаласы мен Ақтау, Ақтөбе, Атырау және Орал облыстарынан келген жамағаттардан құралған 5 команда қатысты.

Шара шымылдығын «Ержан Хазірет» мешітінің бас имамы Ахлиддин Мирсайдұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ақыл мен ойдың ұшқырлығы сыналған білім додасының нәтижесінде І орынды жоғары ұпай санына ие болған елордамыздан келген команда иеленсе, ІІ орынға Атырау облысының командасы лайық деп табылып, ІІІ орын Ақтөбе және Орал өңірлерінен келген командаларға бұйырды.

Жүлделі орын иегерлеріне сәйкесінше 150, 70 және 30 мың теңге қаржылай сыйлықтар берілді.