“Бірлігі бекем жамағат” облыстық мешіт жамағаты табиғат аясында бас қосты
1-мамыр Қазақстан халықтарының Бірлік күні қарсаңында Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінің жамағаты Тамшалы мәдени демалыс аймағында рухани сапар ұйымдастырды.
ҚМДБ бастамасымен жүзеге асып жатқан «Darhan Dala» отандық рухани туризм жобасы аясында ұйымдастырылған сапар барысында Тамшалы сайын тамашалап, табиғат аясында жайылған ақ дастарқан басында сүбелі сұхбат құрды.Сондай-ақ,ұлттық спорт түрінен сайыстар ұйымдастырылып,діни жыр термелер жырланды.
“Бірлігі бекем жамағат” ұранымен өткен рухани басқосуда облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы “Бірлік,ынтымақ, Исламның асыл қағидаттарының бірі» дей отырып, ұлттық дәстүрді сақтаудың маңыздылығына тоқталып,жамағат тұтастығын сақтау турасында сөз қозғап,тағылымды насихат айтты.







