«Бір мезетте Бір дұға» шарасы өтті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Бір мезетте бір дұға» игі бастамасына Маңғыстау облысына қарасты мешіт имамдары үн қосып, су тасқынына байланысты эвакуацияланған азаматтар орналасқан пункттерге барып Құран оқып, дұға жасады.
Имамдар су тасқынынан зардап шеккендерге жеңілдік тілеп, Алла Тағаладан елдің амандығы мен тыныштығын сұрап дұға тіледі.