blog Images

«Білімді имам – қоғам айнасы» тақырыбында семинар өтті

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Ақтау қаласында орналасқан «Ержан Хазірет» мешітінде Маңғыстау облысының имамдары мен ұстаздарына арналған «Білімді имам – қоғам айнасы» атты семинар ұйымдастырылды.

Рухани-танымдық шараның шымылдығын Маңғыстау облысы дін істері басқарма басшысының м.а. Әсет Сансызбайұлы ашып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Келесі болып сөз алған Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы дін қызметкерлерінің зейіндерінің ашылып, білімдерінің артуына тілектестігін білдірді.

Өз кезегінде PhD доктор, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің қауымдастырылған профессоры Асқар Болатбекұлы «Деобанд мектебі ғалымдарының діни ұстанымдары» тақырыбында дәріс оқыды.