blog Images

БЕКЕТ АТА МЫРЗАҒҰЛҰЛЫНЫҢ 275 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі, облыстық Бекет ата мешіті түркі әлемінің танымал тұлғасы, дін ғұламасы Бекет ата Мырзағұлұлының 275 жылдығына орай «Бекет ата мұрасы, тарих, тағылым,руханият» тақырыбында республикалық шығармашылық байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты:
* Бекет ата Мырзағұлұлының рухани-діни мұрасын көпшілікке кеңінен таныту;
* Бекет ата мешіттері мен еліміздегі киелі орындарды насихаттау;
* Бекет атаның өнегелі өмір жолынан үлгі алып, жастарды руханиятқа, имандылыққа үндеу.
Байқаудың міндеті:
* Бекет ата Мырзағұлұлының тұлғасы арқылы діни және ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты арттыру;
* Бекет атаның өнегелі өмір жолын, ерлігін үлгі ету, сондай-ақ діни-ағартушылық қызметін тануға ынталандыру;
* Жастарды имандылыққа, ұлттық рухани мұраны қадірлеуге және тұлғалық дамуға тәрбиелеу;
* Жастардың Бекет ата мешіттері мен киелі орындар жайлы білімін тереңдету;
* Байқауға қатысушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, қазақ халқының рухани мұрасын қастерлеуге шақыру;
* Байқауға қатысушылардың тарихи тұлғаларға, дәстүр мен дінге, жалпы руханиятқа деген қызығушылығын ояту;
* Бекет атаның имандылығы, әділдігі, кішіпейілдігі сияқты қасиеттерін үлгі ете отырып, жастардың бойында көркем мінез қалыптастыру.
Байқау шарттары:
* Байқауға Бекет ата Мырзағұлұлының қазақ руханиятындағы орны мен қоғамға қосқан үлесі, ұстаздары мен шәкірттері, салдырған мешіттері мен медреселері, діни-ағартушылық қызметі, сәулет өнеріне қосқан еңбегі, жерасты мешіттері, әулиелігі һәм басқа да жұртқа жасаған жақсылығы жайлы шығармалар (эссе, мақала т.б) қабылданады.
* Шығармашылық жұмыстар көркем тілде баяндалуы қажет. Ал, зерттеуде сілтеме жасалған дереккөздер дәл, нақты және шынайы болуы қажет. Плагиатқа жол берілмейді.
* Шығармалар Microsoft Word түрінде жолдануы тиіс. Мақала көлемі 14 шрифтпен, 1,0 интервалмен жазылуы және 5 беттен аспауы керек.
* Бір қатысушы бір ғана материал жібере алады. Шығармалар қазақ тілінде қабылданады. Байқауға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды.
* Бәйгеге қатысушылар жұмыстарына толық аты-жөнін, телефон нөмірін, мекен-жайын және өздері туралы қысқаша мәлімет қосып, beketata@list.ru электронды поштасына жолдауы қажет.
Байқау талаптары:
* Шығармашылық жұмыстар «Бекет ата мұрасы, тарих,тағылым,руханият» деген белгімен қабылданады;
* Жұмыстарды қабылдау 2025 жылғы 23 мамырдан 23 шілдеге дейін жалғасады. Мерзімінен кеш жолданған жұмыстар қабылданбайды;
* Тақырыпқа қатысы жоқ, елімізді, тілімізді, дінімізді мансұқтайтын материалдар қабылданбайды. Жасанды интеллект жүйесін пайдалануға болмайды;
* Шығармалардың мазмұнды, көркем, сапалы объективті, креативті және өзекті болуына аса мән беріледі;
* Жеңімпаздарды қаламгерлер және дін мамандарынан жасақталған қазылар алқасы анықтайды. Жеңімпаздар 2025 жылғы тамыз айында анықталады.
Жүлде қоры:

Бірінші орын – 500 мың теңге.
Екінші орын – 300 мың теңге.
Үшінші орын – 200 мың теңге.

Бұдан бөлек 5 адамға ақшалай ынталандыру (50 000 мың теңгеден) сыйлығы беріледі.

Байқау ұйымдастырушыcы:
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі, облыстық Бекет ата мешіті.