

Баянды ауылының имамы түсіндірме жұмыстарына қатысты
Мұнайлы ауданына қарасты Баянды ауылдық мешітінің наиб имамы Шағалақ Мейрамбек ауылдық әкімшілік бөлімінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шараға жас отбасылар,әкімшілік қызметкерлері қатысты.Шара барысында наиб имам тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қоғам дерті екендігін түсіндіріп,дінімізде де зорлық-зомбылықты құптамайтындығын,керісінше отбасыдағы татулықты біртұтастықта ұстап,мұсылман адамдардың бір-біріне мейірім,сүйіспеншілікпен қарау керектігін айтып өтті.