Баянды ауылдық мешітінің қызметкерлері ардагерлерге құрмет көрсетті
9 мамыр-Ұлы Отан соғысы жеңісі күні қарсаңында Баянды ауылдық мешітінің қызметкерлері ардегерлерді зиярат етіп шаңырақтарына арнайы барып,сый-сияпат көрсетті.
Ардагерлерге құрмет көрсеткен мешіт бас имамы Саламат Түгелбайұлы тыл ардагері,ауған соғысы ардагерлерінің амандығын біліп, алғыс хат пен оларға әзірленген сый-сияпаттарды ұсынды.





