blog Images

Баянды ауылдық мешітінің имамы «Мұстафа (с.а.у.)мешітінде уағыз айтты

Мұнайлы ауданы Баянды ауылдық мешітің наиб имамы Шағалақ Мейрамбек Қызыл төбе ауылдық «Мұстафа (с.а.у.)мешітінің жамағатымен жүздесіп,Пайғамбарымыз  (с.а.с) өмірбаяны жайлы салихалы уағыз айтты.

Алладан келген шариғатты жеткізуші адам  пайғамбарлар болған себепті, олардың өмір сүру тарихын, жүрген жолын білмеу мұсылмандық сипатқа жат нәрсе. Өйткені иманның жеті шартының бірі сол пайғамбарларға иман келтіру болып табылады. Жамағат уағызды ден қоя тыңдап, сауалдарын қойды.