Баянды ауылдық мешітінде Ұлы Жеңіс күніне орай қайырымдылық шарасы өтті
9мамыр-Ұлы Отан соғысы Жеңісі күні қарсаңында Баянды ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.
Қайырымдылық ретінде тұрмысы төмен және әлеуметтік жағынан аз қамтылған 10 отбасыға азық-түлік себеттері табысталды.Мешіт бас имамы Саламат Түгелбайұлы көмек алған жандарды мерекемен құттықтап, бұл игі шара ел бірлігі мен мейірімділік қағидаттарын насихаттаудың үлгісі екендігін айтып өтті.



