Баянды ауылдық мешітінде Тәуелсіздік күніне орай жиын өтті
Мұнайлы ауданы Баянды ауылдық мешітінде Тәуелсіздік күніне орай»Тәуелсіздік баға жетпес байлық»атты жиын болып өтті.
Жиында,мешіттің тұрақты ақсақалдары мен жамағаттардың қатысуымен жүргізілді.Отырыста мешіттің бас имамы Айтбаев Саламат Түгелбайұлы көпшілікті мерекемен құттықтап, мешіттегі атқарылған іс-шаралармен,діни рәсімдерді,ынтымақты- бірлікте ауыл тұрғындарымен біргелікте абройлы атқарып келе жатқандығын атап өтіп,жиналған қауымға ризашылық білдірді.
Сондай-ақ күн тәртібіндегі мәселелердің әр-біріне жеке тоқталып,алдағы жылы жасалуы тиіс тапсырмалармен өзгерістерге нақты шешімдер қабылданды.Сонымен қатар ҚМДБ-тарапынан қабылданған құжаттарды таныстырды.Атап айтқанда ,ас-беру,жерлеу рәсімдері,ысырапқа жол бермеу,жат діни ағымдардан сақтану т.б көптеген тақырыптар қозғалып,сұрақтарына жауап берілді.Жиын соңында мешіттің көркеюіне сүбелі үлес қосып,Алла разылығы үшін қызмет жасап жүрген дін қызметкерлері мен бірге жанашыр азаматтарды алғыс хатпен марапаттады.