Баянды ауылдық мешітінде «Мектепке жол»қайырымдылық акциясы өтті
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Баянды ауылдық мешітінде «Мектепке жол»қайырымдылық акциясы өтті.
Шара аясында әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасындағы 20 балаға мектепке қажетті сөмке мен оқу құралдары табысталды.
Іс-шара барысында мешіттің бас имамы Саламат Түгелбайұлы балаларға оқу жылында сәттілік тілеп, олардың білімді, өнегелі азамат болып өсуіне дұға жасады.





