blog Images

Баянды ауылдық мешітінде Мәуліт мерекесі аталып өтті

Мұнайлы ауданына қарасты  Баянды ауылдық Мешітінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) құрметіне орай, Мәуліт мерекесі атап өтілді.

Жиынға ауыл тұрғындарымен біргелікте мешіт жамағаттары қатысты.Тағылымы мол жиыннан рухани нәр алған жиынға Маңғыстау облыстық   орталық «Бекет ата» мешітінің ұстазы Марат Жарылқапұлы келіп,жиналған көпшілікке Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көркем мінезі жайлы уағыз-насихаттар айтылды.Сонымен қатар көпшіліктің сұрақтарына жауап беріліп,Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат оқып, дұға жасалынды.Іс шара соңында мерекелік ақ дастархан жайылып жақсылыққа жаны құштар жамағат жиналып Пайғамбарымыз еске алынып мәуліт қасидасы оқылды.