Баянды ауылдық мешітінде «Имани жаз»діни сауат ашу курсы аяқталды
Баянды ауылдық мешітінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылған «Имани жаз-2025»жазғы сауат ашу курсы өз мәресіне жетті.
Биылғы курсты 18 ер бала ойдағыдай тәмамдап, Құран әліппесі мен негізгі діни білім негіздерін меңгерді.
Шара соңында мешіттің бас имамы Саламат Айтбаев шәкірттерге ізгі тілегін білдіріп, алған білімдерін өмірде амалға асырып, иманды, тәрбиелі азамат болып өсулеріне дұға жасады. Сондай-ақ, шәкірттерге арнайы сертификаттар табысталды.




