blog Images

Баянды ауылдық мешіті:»Дін мен дәстүр» дәріптелді

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Баянды ауылдық мешітінде «сәбиге азан шақырып ат қою»,шариғат бойынша неке қию салт- дәстүр рәсімі орындалды.

Қазақ халқында жарық дүние есігін шыр етіп ашқан сәбиге есім беру рәсіміне қатысты дәстүр мен салт-жоралғы бар. Ол азан шақырып ат қою деп аталады. Бала туғаннан кейін қырық күн өткен соң, сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен азамат болып өсу үшін ел ішінде аузы дуалы қарияға немесе баланың атасына ат қойғызады. Ата-бабамыздан көнеден жеткен салт-дәстүр жоралғысын мешіт бас имамы Саламат Түгелбайұлы орындады.

Сондай ақ,жаңадан отбасын құрып жатқан екі жастың шариғат бойынша неке қию рәсімін өткізіп,отбасы құндылығын,исламдағы отбасының маңыздылығы жайлы насихат айтты.