blog Images

Баянды ауылдық мешіті:»Әжелер мектебі» құрылды

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы Дін мен дәстүр бағыты аясында  Баянды ауылдық мешітінде ақжаулықты «Әжелер мектебі» құрылды.

«Әжелер мектебінің»құрудағы мақсаты – жас қыз-келіншектерге бағыт – бағдар беру, оларды имандылыққа баулу, дін мен дәстүрді сабақтастырып түрлі шаралар ұйымдастыру,салт-дәстүрімізді келешек жас ұрпаққа насихаттау.Жиында мешіт бас имамы Саламат Түгелбайұлы игі шара шымылдығын ашып,әжелерміздің тек өз отбасының ғана емес бүкіл ел-анасы екенін тілге тиек етіп, әйелдің қоғамдағы рөліне тоқталды. Әйел-қыздар тәрбиесі баршамызға ортақ – аманат деген мешіт бас имамы  әжелер мектебін бірлесе қызмет жасауға шақырды.