

Баянды ауылдық мешіті 10 отбасыға «Рамазан қоржынын» үлестірді
Қасиетті Қадір түні қарсаңында Баянды ауылдық мешітінің ұйытқы болуымен көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шара аясында мешіт бас имамы Саламат Түгелбайұлы мен мешіт қызметкерлері құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттерін табыстады.