Батыржан Мансұров орталық«Бекет ата»мешітінде жұма уағызын жүргізді
ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Батыржан Мансұров Маңғыстау облысына арнайы жұмыс сапарымен барды.
Қасиетті жұма күнімен тұспа-тұс келген іс-сапар барысында РАНТ мүшесі Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінде «Құмар ойын құрдымға кетіреді» тақырыбында жұма уағызын жүргізді. «Құмар ойын» тақырыбында өрбіген уағыз барысында Батыржан Берденұлы құмар ойындардың адам баласын құрдымға жіберер дерт екендігі турасында шариғат шеңберінде баяндады.Бұл ретте қазіргі қоғамның дертіне айналған казино, букмекерлік кеңсе, лотерея, карта ойнау сияқты бәс тігілетін ұтыс ойындарының адамды бос үміт пен жеңіл ұтысқа, маңдай тер, еңбексіз табыс табу көзіне айналдыратын күнәлі істерге әкеліп соғары ащы да болса ақиқат.
Хақ ислам осы сипаттағы барлық құмар ойындарына тыйым салады. Ал адам баласына екі дүниелік пайдасы бар, мән-мағыналы, денсаулықты, тәніңді сауықтырар ойындар әлбетте шариғат құптарлық амалдар. Пайдалы һәм пайдасыз амалдарды таразыға салған жұма уағызында Батыржан Берденұлы жамағатты құнды мәліметтермен сусындатып, соңынан көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға шариғи жауаптарын берді.
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі