Батыржан Мансұров облыстық«Бекет ата»мешітінде жұма уағызын жүргізді
ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Батыржан Мансұров Маңғыстау облысына арнайы жұмыс сапарымен барды.
Қасиетті жұма күнімен тұспа-тұс келген іс-сапар барысында РАНТ мүшесі Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінде «Мәзһаб ұстанудың маңыздылығы» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.Түйіндей айтқанда мәзһаб ұстану дін Исламның бізге деген бағдарын, сондай-ақ бөлінбей бір болуымызды туралайтын ұлы жол екендігін ұғыну ләзім екендігін айтып,ҚМДБ-да ұлттың ішкі тұтастығын, бірлігін сақтау мақсатында «бір ұлт, бір мәзһаб» ұстанымы аясында бабаларымыз үшін дәстүрлі саналған Имам Абу Ханифа жолына шақыратындығын айтты.
Жұма уағызында Батыржан Берденұлы жамағатты құнды мәліметтермен сусындатып, соңынан көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға шариғи жауаптарын берді.