Ұстаз Батыржан Мансұров имамдарға семинар өткізді
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі,ұстаз, РАНТ мүшесі Батыржан Мансұров Маңғыстау облысына арнайы жұмыс сапарымен барды. Аталмыш іс-сапар барысында Маңғыстау облысының имамдарына «Уағыз айтудың әдебі»,»Ихсан- рухани тәрбие негізі»тақырыбында семинар өткізді.
Танымдық шараға облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы,Ақтау, Жаңөзен қалалары және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарына қарасты мешіттердің имамдары мен ұстаздары қатысты.Семинар аясында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, Ғұламалар кеңесінің хатшысы Батыржан Мансұров қатысушыларға арнайы дәріс оқыды. Сондай-ақ,уағыз айтудағы жауапкершілік, уағыз айту барысында көркем сөйлеу мен дәйекті сөздермен жеткізу жайлы және тағы басқа да мәселелерде жамағатқа ислам құндылықтарын жеткізудегі әдістемеге тоқталды.
Сонымен қатар, семинар барысында имамдар мен ұстаздар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.