Батыр ауылында жаңа мешіт ашылды
Бүгін, қасиетті жұма күні Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылында «Келімберді ахун» атындағы жаңа мешіт ашылып, жамағат игілігіне берілді.
Батыр ауылында бой көтерген мешіттің ашылу рәсіміне Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Көпсажарұлы,Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы,жазушы, тарихшы Айшуақ Дәрменұлы қатысып, игі тілектерін білдірді. Сондай-ақ жаңа мешіттің ашылу салтанатында облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, ақсақалдар сөз сөйлеп, бата берді.
Мешітке Бас мүфти бұйрығымен имам қызметіне Абдуллаұлы Амидулла тағайындалды.Бұған дейін,Алматы облысы Балхаш ауданы «Оспан қожа ата » мешітінің наиб имамы болып қызмет еткен имамды облыс бас имамы жиналған жамағатқа таныстырып, еңбегіне береке тіледі. Әнуар Ізімбайұлы өз құттықтауында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің ыстық ықыласы мен сәлемін жеткізді.Жұма күнінде ашылған салтанатты шара күні облыс бас имамы мешітте жұма намазын жүргізді.
Айта кетейік,»Келімберді ахун» мешіті Мұнайлы ауданындағы ашылған сегізінші мешіт.Мешіттің алғақшы іргетасы 2019 жылы қаланып, халықтың,жанашыр жамағаттың,кәсіпкерлердің қолдауымен 2024жылы құрылысы аяқталып,халық игілігіне берілді.Мешіттің жалпы аумағы 2000шаршы метрді құрайды.