blog Images

«Баталы елге бақ қонар» атты облыстық бата сайысы өтті

ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі ,Маңғыстау облыстық қажылар қауымдастығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Баталы елге бақ қонар» атты ақсақалдар арасында бата беру сайысы өтті.

Қала және аудан-ауылдардан жиналған  қатысушы  ақсақалдар батаның мазмұны, орындау шеберлігі, жатқа айтуы мен қазақы киім үлгісі бойынша критерийлері негізінде бағаланды.Қазақы ою шапанын киген қариялардың ішінен үздігін анықтау үшін құрылған әділ қазы алқасына өлкетанушы Абдірахман Базарбай қажы,Мұстафа мешітінің имамы Шаденов Айғабыл,Маңғыстау облысының құрметті ақсақалы Саламат Нұрұлы,Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы мүшелік етті.

Салт-дәстүрлердің ішіндегі ең асылы, көңілдің сәнін келтіріп, өмірдің мәнін ұғындыратын рухани құндылығымыз ол – бата деп айтсақ еш қателеспейміз. Бата – жақсылық пен игі ықыластың, ақ тілектің айғағы. Осынау дәстүрді жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған бата сайысында бірінен-бірі асып түсіп, алақан жая бата берген ақсақалдардың ішінен үздігін анықтау оңайға соқпады.Шара барысында облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы «Маңғыстау» телеарнасына арнайы сұхбат беріп,бата сайысының өзектілігі жайлы айтып өтті.Тартысты өткен  бата сайыс нәтижесінде:
1-орын:Тілеухан Қылышов (Ақтау қаласы)

2-орын:Шаймұрза Жаңайұлы (Маңғыстау ауданы)

3-орын:Асылбеков Оралбек қажы (Мұнайлы ауданы) иеленіп,жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.

Сондай-ақ сайыс соңынан мешіт ауласына ақ қазақы үй тігіліп,дәстүрлі ақ дастархан жайылып,ақсақалдар  ас үстінде бас қосты. Ал, ақсақал қарияларымыз рухани сайысқа мұрындық болған жандарға жылы лебізін білдіріп, еліміздің амандығы үшін дұға жасады.