blog Images

Басшы Айжанақұлы мешіті:20 отбасыға “Рамазан қоржыны” берілді

ҚМДБ-ның биыл 35 жылдық мерекесіне байланысты аймақтар мен аудан-ауылдарда қайырымдылық эстафетасы жүріп жатыр. Осы игі бастама аясында Бейнеу ауылдық “Басшы Айжанақұлы Әзірханов” мешіті де көмекке мұқтаж 20 отбасыға күнделікті тұтынатын азық-түлік салынған “Рамазан қоржынын”үлестірді.

Дініміз Исламда мұқтаждарға көмек көрсету аса сауапты амал делінген. Жанашыр жамағаттың қолдауымен өткен қайырымдылық шарасында аз қамтылған және көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі т.б санаттағы 20  отбасыға азық-түлік таратылды.Қайырымдылық акциясына мешіт имамдары мен қызметкерлері атсалысты.Көмекке ие болған отбасылар өз алғысын білдіріп,жұмыстарына береке тіледі.