БАС МҮФТИ АҚТАУДА ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтау қаласында Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болып, қазыналы қариялармен жүздесті.
Бас мүфти қарияларды Мәуліт және қарттар күні мерекесімен құттықтап, игі тілегін білдірді.
«Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қарттың қасында береке бар» деген. Халқымыз: Қарты бар елдің — қазынасы бар» деп атаған. Қазыналы қарттарымызды қадірлеуді жас буынға үйрету – маңызды істің бірі. Алла Тағала қарты мен салтын сыйлаған елге айналуымызды нәсіп етсін. Сіздерге мықты денсаулық, амандық пен береке тілеймін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Игі іс-шарадан кейін Бас мүфти қарттарға Мәуліт сайын үлестірді.