blog Images

Бас имам зағип жандармен арнайы кездесу өткізді

 «Ислам дәне дәстүр құндылығы» жылы аясында облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Ақтау қаласындағы Қ.Сыздиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханаға арнайы барып,зағип жандарға арналған залдың оқырмандарымен кездесті.

Жұмысты жандандыру мақсатындағы бес бағыттың бірі діни оқу-ағарту бағыты бойынша қазіргі таңда ҚМДБ тарапынан Брайль жүйесімен оқыту жұмыстары қолға алынып жатыр.

 «Алдағы уақытта зағип жандарға оқуға және жазуға мүмкіндік беретін Брайль үлгісін меңгерген мамандармен жұмыс жасап,зағип жандарға Құран Кәрімді оқыту жұмыстарын қолға алып жатырмыз.Көздері көрмесе де, көңілдері сайрап тұрған зерделі жандармен алдағы уақытта мешіт тарапынан уақыт бөлініп кездесулер өткізілетін болады» деді облыс бас имамы.