blog Images

Бас имам «Төрлетіңіз» бағдарламасына сұхбат берді

Облыстың бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Маңғыстау арнасының «Төрлетіңіз» бағдарламасында «Қари болғым келеді» тақырыбында  тікелей эфирдің арнайы қонағы болып, сұхбат берді. 

  Әнуар қажы Ізімбайұлы  Маңғыстау облысында өткен  XII Республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан қарилар сайысы жайлы,өткізілген игі жоба турасында сүбелі сұхбат берді.Одан бөлек,бағдарлама қонағы болып арнайы ел ағасы  Саламат Нұрұлы қатысты. Құран жарыста 30 пара бойынша ІІ орын иеленген Маңғыстаулық жас қари Рақымжан Мырзатай да тікелей эфир қонағы болып ,сұхбат берді.

 Бағдарлама барысында бас имам:«Республикалық деңгейде өткен игі шараның Маңғыстау топырағында алғаш рет ұйымдастырылуы біз үшін үлкен қуаныш,зор абырой.Өйткені  Қасиетті Құран оқылған жерде береке бар,Алланың рахымы жауады.Сондықтан, халқымыз Қасиетті Құранды қадірлеп,қастерлеген.Елдің түкпір түкпірінен келген 100-ден астам қарилардың Маңғыстау жеріне табаны тиіп жатқандықтан ,біз бұл сауабы бол шараны жақсылыққа балаймыз.

 Кешелі бері Қарт Каспийдің жағасында Маңғыстау облысының рухани әлеуетінің көтерілуіне негіз болатындай көптеген игі істер атқарылды.Атап айтар болсақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Дін мен дәстүр» орталығы мен кітапхананың ашылу салтанаты өтті, екі имамға «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында қос бірдей қызметтік пәтер берілді, өңірімізден шыққан әулиелер мен еліміздің ертеңі үшін шейіт болған бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасы жасалды.Хазірет Мүфтидің іс-сапары барысында  «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында 300 отбасыға мәуліт сыйы берілді.Сонымен қатар,бас мүфти Қарттар күні қарсаңында ,қарттар үйіне барып арнайы сәлем беріп,мәуліт сыйын тарқатты.Одан бөлек,шалғай ауылда қызмет ететін жеті имамға  50 мың теңге көлемінде мәуліт сыйы тарту етілді. Ең бастысы – Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІ республикалық байқауы ойдағыдай ұйымдастырылды.Бұл игі істердің барлығы аймақтағы мұсылман жамағатының рухани өміріне оң серпін береді деген сенімдеміз!»деп атқарылған шаралар туралы баяндап, сөз өрбітті.

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі