Бас имам «Шапағат» медалімен марапатталды
25 қазан Республика күні мерекесіне орай, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының Жарлығымен «Шапағат» медалімен Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы марапатталды.
Асыл дінімізді дәріптеу, рухани ағарту саласында атқарып жатқан азды-көпті еңбегін бағалап, осынау наградаға ұсынған Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлына ризашылығымды білдіремін.Шын мәнінде бұл марапат Маңғыстаулық барша дін қызметкерлеріне көрсетілген құрмет деп білемін.
Еске сала кетелік, Республика күні – елімізде ұлттық мереке ретінде қайта атап өтіле бастады. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасының егемендік декларациясы қабылданған болатын.»Шапағат»наградасы 1993жылдан бастап беріле бастады.