Бас имам «Сәби молда Атабайұлы» мешітінің құрылысымен танысты
Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Жаңаөзен қаласына іс-сапары барысында Теңге ауылында салынып жатқан «Сәби молда Атабайұлы» мешітінде болды.
Әнуар қажы Ізімбайұлын «Қосай ата» мешітінің имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы және құлшылық үйінің құрылысына демеушілік жасап жатқан кәсіпкер Мақсат Орынбайұлы қарсы алып, жұмыс барысымен таныстырып, құрылыс алаңын аралатты.
«2021 жылы қазығы қағылған құлшылық үйінің құрылысы аяқталып қалғаны қуантарлық жағдай. Алла жазса, Рамазан айына дейін осы мешіт ашылады деп күтілуде», – деді облыс бас имамы.