Бас имам қос бірдей мерекелік медальмен марапатталды
ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Елжанов Әнуар Ізімбайұлы «Ақтау қаласына -60жыл» және «Маңғыстау ауданына- 95 жыл»атты екі бірдей мерекелік медальдармен марапатталды.
Өткізілген шараға өңірдегі ұлтаралық және дінаралық қарым-қатынасты нығайту жолында еңбек еткен жандар шақырылды. Мерекелік медальдарды тапсырған Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали және Маңғыстау ауданы әкімі Ғалымжан Мұқырұлы барша марапатталғандарды құттықтап,оларға ел руханиятының дамуына сіңірген қызметтері үшін алғыс айтты.
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата»мешітінің баспасөз қызметі