Бас имам Маңғыстау ауданы имамдарымен кездесті
Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Маңғыстау ауданына жасаған сапары барысында аудан имамдарымен кездесу өткізді.Жиында «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында мүфтият тарапынан бекітілген атқарылуы тиіс жұмыстардың жоспары таныстырылып,ауданның діни ахуалы баяндалды.
Нақтырақ айтсақ, облыстың бас имамы уағыз айту әдебі, оқу-ағарту, насихат жұмыстарында заманауи тиімді тәсілдерді қолдану, жамағатпен, қоғаммен тығыз байланыс орнату, рухани ұлттық құндылықтарды, дін мен дәстүрді дәріптейтін іс-шараларды көбірек ұйымдастыру, жат ағым арбауынан сақтандыру, өңірді білікті кадрлармен қамтамасыз ету, дін қызметкерлерінің тұлғалық бейнесін қалыптастыру, мешіт тазалығы, құжаттамаларын реттеу жұмыстарын жүйелі атқарып, көркем мәміледе насихаттауды тапсырды.
Жиын соңында Әнуар Ізімбайұлы имамдарға облысымыздағы діни ахуалдың тұрақты әрі бейбіт болуына ықпал ету арқылы қоғам тыныштығын сақтап, ел бірлігін арттыру жолында игі істер атқаруға шақырды.