Бас имам «Көкмойнақ» командасын «Ұлы Дала Жорығы» сайысына шығарып салу рәсіміне қатысты
Сайын Шапағатов ауылында жергілікті «Көкмойнақ» командасын екі аптаған созылатын «Ұлы дала жорығы-2023» ат бәйгесіне салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, Түпқараған ауданының әкімі Рахат Тезекбайұлы, Маңғыстау облыстық «Жорық» федерациясының басшысы Алдаберген Ұзақбаев, зиялы қауым өкілдері, құрметті ақсақалдар мен жергілікті тұрғындар қатысып, бата беріп, шабандоздарға ақ жол тіледі.
Айта кетейік, «Көкмойнақ» командасы 1200 шақырымды құраған «Ұлы дала жорығы-2022» бәйгесіне шаң жұқтырмай бірінші орынды иеленіп, Адайдың қолтума жылқыларының мықтылығын көрсетіп, 24 млн теңге көлеміндегі бас жүлдені қанжығасына байлаған болатын.