blog Images

Бас имам «Ержан Хазрет» мешітінде жұма намазын өткізді

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Ақтау қаласында орналасқан «Ержан Хазрет» мешітінде уағыз айтып, жұма намазын өткізді.

«Тәуелсіздік-ұлы нығмет» тақырыбында уағыз айтқан бас имам құлшылық үйіне жиналған жамағатқа тәуелсіздік тұғырлы болсын деп жас ұрпаққа бостандық пен бейбітшіліктің қадір-қасиетін , тәуелсіздік  ұлы нығмет екендігін,және сол нығметтің қадіріне жетуді насихат етіп айтты.

«Тәуелсіздік – Тәңірдің тәтті сыйы һәм өлшеусіз ұлы нығметі. Ал оны сақтау – бабалар аманатына адалдығымыз бен келешек ұрпақ алдындағы ұлы міндетіміз»,деді-бас имам.Намаз соңында жамағатпен ел амандығы үшін дұға жасалып,өткендер үшін Құран бағышталды.