blog Images

Бас имам Ер-Қармыс батыр кесенесіне зиярат етті

Қазіргі кезде ҚМДБ тарапынан жүзеге асып жатқан «Darhan Dala» жобасын насихаттау мақсатында облыстың бас имамы қасиетті -Ер-Қармыс Бекболатұлы батыр кесенесіне зиярат етті.

Ер-Қармыс Бекболатұлы (1708-1783) жылдары өмір сүрген киелі Маңғыстау жерінде туып өскен қазақ батыры.Батыр баба кесенесіне зиярат етушілер үшін зиярат жанынан арнайы қонақ үй салынған.Зияратшылардың зиярат жасауына, ас беруіне және демалуына барлық жағдай жасалған. Сапар барысында 50-ге жуық адам  арнайы ат басын бұрып батыр баба кесенесіне зиярат етіп,Құран бағыштады.Зиярат барысында ас беріліп,зиярат етушілерге дәм тарту етілді.

 

 

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі