blog Images

Бас имам «Дін мен дәстүр» кітабын оқуды насихаттады

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің «Зерде» оқырмандар тобына ҚМДБ-нан жарық көрген «Дін мен дәстүр» кітабын оқуды насихаттады.

Әнуар Ізімбайұлы шара барысында қазақ даласына исламның келуі мен бабаларымыздың мұсылман болуы және қазақ халқы өз өмірлерін дінмен сабақтастырғандығын түрлі мысалдармен келтіріп өтті.

Дін мен дәстүр жайында тағылымды баяндама жасалған отырыс соңында «Зерде» оқырмандар тобының арасында «Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с жұбайлары» атты конференция өткізілді.Конференцияда Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с жұбайлары жайлы насихаттар айтылып,  әйел-қыздар секторы топқа бөлініп Пайғамбарымыздың жұбайларынан үйренетін 10 қасиетті айтып өтті.

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі