blog Images

Бас имам аудан әкімімен кездесті

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Маңғыстау ауданына арнайы іс-сапармен барды. Аталмыш сапар барысында бас имам аудан әкімі Ниязов Ғалымжан Мұқұрұлымен кездесті.

Аудан әкімімен кездесу барысында ауданның тыныс-тіршілігі,діни ахуал,әлеуметтік жағдай,мешіттердің жай күйі талқыланды.Аудан әкімі барлық саланы қамтитын  10негізгі бағыт бойынша дайындалған «Маңғыстау ауданының серпіні» жобасын таныстырып,ондағы жасалып жатқан   біршама жұмыстарды таныстырып өтті.Сонымен қатар, бас имам Маңғыстау ауданының 95 жылдығымен құттықтап, бірлесе жұмыс жасап,ауданның  рухани саласын дамыту ортақ міндетіміз екендігін айтып өтті.

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі