Бас имам аудан әкімімен кездесті
Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Маңғыстау ауданына арнайы іс-сапармен барды.Аталмыш сапар барысында бас имам Маңғыстау ауданының әкімі Ниязов Ғалымжан Мұқырұлы және ауданға қарасты ауыл әкімдерімен кездесті.
Жиынға Әнуар Ізімбайұлы бастаған дін қызметкерлерінен ҚМДБ Маңғыстау өкілдігі бойынша Шариғат және Пәтуа бөліміне жауапты маман Марат Жарылқапұлы,ҚМДБ ның Маңғыстау облысы бойынша РАНТ мүшесі Юнус Қадірқұлұлы арнайы қатысты.
Жергілікті мешіттердің тыныс-тіршілігіне қатысты басқосуда өңірдегі діни ахуалды айта отыра,өңірді білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.Кездесу соңында Ғалымжан Мұқырұлы ҚМДБ-ның Маңғыстау өкілдігінің ұсыныстарын толық қолдайтындығын,әкімшілік тарапынан жұмысқа орналасушы мамандарға қолдау білдіретіндігін айтып,алдағы уақытта бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды.
Айта кетейік,қазіргі таңда Маңғыстау ауданына қарасты 8 мешіт жұмыс жасап тұр.Кейбір мешіттерде маман тапшылығы,ауылдық мешіттердегі имамдардың жетіспеушілігі бар.Облыс бас имамы қазіргі таңда осы мәселені толыққанды шешуге тырысуда. Сол үшін
халық тығыз шоғырланған өңір үшін білімді де білікті имамдар қашан да қажет екендігін айтып өтті.